Бүкіл қазақ даласындағы жауынгерлік замандар Іле - Балқаш өңіріне де тән. Ата - бабларымыз өз бастауындағы мен теңдігі, қасиетті жері мен елі үшін талай - талай қан төгісті бастан өткізген. Сондай ауыр кезеңде еліне қорған бола білген батыр бабалардың есімдері әлі күнге дейін ел есінде. Орақты мен Едіге, Қазанбай мен Бақай батырлар жөніндегі аңыз әңгімелер соның айғағы.
... Қазан төңкерісінен кейін Іле - Балқаш өңірінде жаңа құрылымдар пайда болып, 1928 жылы қыркүйек айында аудан құрылады. Аудан орнағаннан кейін 1928 - 1930 жылдары шағын ауылдардар мен артельдер құрылды. Ал 1930 - 1934 жылдарда 24 сауатсыздар, 43 шала сауатсыздар мектебі құрылды.
Осы жылдары Құйған көлемінде бидай өсіретін «Барыс», Кіші Іле бойынан «Ерікті», «Ленин жолы», «Еңбекті» колхоздары ұйымдастырылды. 18 - ауыл советі кейін «Сарыкөмей селолық советі» болып құрылды.
1938 жылы ауданға Приморье өлкесінен корей халықтары қоныс аударды. Құйған ауылында «Ворошилов» колхозы мен бірге «Новый путь», «Достижение», «Посьет» колхоздары қоныстанды. Кейін бұлар бірігіп «Достижение» балық колхозы болып ірілендірілді. Осы кездері болашақ Халық Қаһарманы Бақтыораз Бейсекбаевтың да осы өңірде еңбек еткенінін мақтан тұтамыз.
1941 жылы Құйған округінде томат дайындайтын ірі кәсіпорын салынды. Осы жылдары ауылда ондатр терісін дайындайтын шаруашылық ұйымдастырылды.
Соғыс жылдары майданға тамақ өнімдері, жылы киімдер, азық - түлік үнемі жеткізіліп тұрды. Кейінгі жылдары Балқаш көлінің тасуына байланысты өндіріс орындары жарамсыз болып, жұмысшылары таратылды.
Адамзат өркениетінің ұлы жемісі - өз ұрпағына бүкіл дүниедегі барлық жақсылық атаулыны тілей отырып, көзі ашық, көкірегі ояу, санасы биік, толыққанды азамат тәрбиелеп шығару.
Осы тұрғыдан келсек, Н.Бозжанов атындағы орта мектептің де білім саласында өз орны бар. «Су анасы - бұлақ» демекші, білімнің анасы мектеп десек, әсте қателеспейміз. Кімде - кім сауатты, білімді болса мектеп есігін көргендігінен білімді ұстаздар алдынан өтіп, оқу мен білім нәрінен сусындағанынан.
Мектебіміздің тарихына үңілетін болсақ, осы өңірдегі шағын аулдырдың біріккен орталығы - Құйған ауылында 1938 жылы ашылып, кейін орта мектепке айналды. Алғашқы директоры болып Нілдібай Құтпанбетов тағайындалды. 1945 жылдан бері мектеп мемлекет қайраткері Нұрмұхамед Бозжановтың есімімен аталады. Н.Бозжанов 1906 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1926 жылы аумақтық кеңестік партия мектебін бітірген Н.Бозжановты комсомолдық жұмысты басқаруға жібереді.1928 жылы сәуір айында большевиктік партия қатарына өтті. Осы кезден бастап партия жұмысын үзіліссіз басқарды. Партактив курсында және Марксизм - Ленинизм Қазақ институтында оқу үшін уақытша жұмыстан қол үзді. Н.Бозжанов Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитетінде, Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитетінде кадр бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1939 жылы КСРО Жоғары кеңесі Президиумы үкімімен ол ауыл шаруашылығындағы жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Өзі арасынан жарып шыққан және бар өмірін сарп етіп, адал қызмет еткен қазақ елі Н.Бозжановқа Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің председательдігін сеніп тапсырды.
Н.Бозжанов атындағы мектептің алғашқы мұғалімдері болып Хасенова, Мотова Л.М., Кравцова В.И., Белендр Н.И., Каратаев А., Рахымжанова Б., Югай В.В. т.б. жұмыстар атқарған. Бұл мектептен 2000 - нан астам түлектер өмірге аттанып, әлемнің әр тарапында мұғалім, дәрігер, экономист, әскери жетекші, ғалым болып елімізге еңбкктерін сіңіруде. Оның ішінде мақтаныштарымыз:
- химия ғылымының докторы Аяпбергенов Қоялы,
- физика - математика ғылымының кадидаты Ни В.Х.
- техника ғылымының кандидаты (Қазақтың ұлттық техникалық университетінің бірінші проректоры болған) Байысбеков Шыныбай,
- педагогика ғылымының кандидаты Бәзілов Жұмаділда,
- химия ғылымының кандидаты Егінбаев Жетпісбай,
- техника ғылымының докторы Ким Василий,
- биология ғылымының кандидаты Исабеков Қабыл,
- техника ғылымының кандидаты Ким Владимир Степанович,
- медицина ғылымының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қожаханов Қасен
Осы жылдар ішінде мектеп басқарған директорлар тізімі:
- Құтпанбетов Н. 1938 - 1942 жж
- Ногай Д.Н. 1942 - 1951 жж
- Лян Л.В. 1951 - 1960 жж
- Хон К.И. 1960 - 1961 жж
- Цициковский И.П. 1961 - 1964 жж
- Нам Т.И. 1964 - 1968 жж
- Аманбеков К.А. 1968 - 1972 жж
- Әлиаскаров К.А. 1972 - 1974 жж
- Шаймақов А. 1974 - 1976 жж
- Сұлтангазин С.С. 1976 - 1977 жж
- Ким С.Е. 1977 - 1980 жж
- Әбілдаев Ә.Ә. 1980 - 1986 жж
- Тәжібаев А.Б. 1986 - 2002 жж
- Аманжолова Г.А. 2002 - жылдан бастап қызмет етіп келеді