1 наурыз – Азаматтық қорғаныстың дүниежүзілік күні!
Бұл күн 1990 жылы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (МОГО) бастамасымен белгіленді. Оның басты мақсаты – табиғи апаттар, техногендік апаттар немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде халықтың қорғанысының маңыздылығын еске салу.
Азаматтық қорғау – бұл тек құтқару қызметтерінің міндеті ғана емес, әр адамның жеке жауапкершілігі. Қауіпсіздік ережелерін білу, алғашқы медициналық көмек көрсету және қиын жағдайда сабыр сақтау – сіздің де, жақындарыңыздың да өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Бүгін өзіңізге сұрақ қойыңыз:
Төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін білесіз бе?
Қалаңыздағы ең жақын паналау орны қай жерде?
«Төтенше жағдай сөмкесінде» не болуы керек?
Дайындық – қорқыныш емес, саналы қауіпсіздік! Маңызды ережелерді есте сақтайық және оларды орындайық!
Балаңыздың ой пікірін ояту
Мақсаты: оқушыларға эмоция мен сезім адамның айналандағы өмір шындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және эмоция мен сезімдерді қалай басқаруға болатындығын үйрету.
Мақсаты: оқушылар арасында қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу.
Мақсаты: Қыстық демалыс кезіңде балаларды кітап оқуға тарту
Мақсаты: отбасымен кітап оқуды насихаттау
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі
Оқушылар өзінің елін, жерін, тарихын сүю арқылы қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар оқушыларды өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу, ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ету мақсатында "Отаным - алтын бесігім" атты мектебімізде челлендж өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі жас маман Ерланқызы Айым
Тәуелсіз елдің жастары атты Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жас мамандар челленджі