15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерімен кездесу кеші өткізілді. Ауған соғысы жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту, тарихи оқиға туралы мәлімет беру, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ауған соғысы ардагерімен әдеби - сазды тарихи кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешімізге Бимағанбетов Ерболат ардегер ағамыз қатысты. Кездесу барысында слайдтар, фотосуреттер, ауған соғысы фильмінен үзінділер көрсетіліп, Ерболат ағамызбен мыңдаған жауынгерлердің рухына 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Оқушылар ардагерге өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, ардагермен сұхбаттасты. Сұхбаттасу барысында сұрапыл соғыста кеудесін отқа тосып, Отан алдындағы борышын атқарып келген жауынгер ағамыз соғыс кезінде бастан кешкен қиындықтары туралы әңгімеледі. Кеш ҚР Мемлекеттік Әнұранымен жабылды. Кеш соңында ардагер Бимағанбетов Ерболат сөз алып оқушыларға өз ризашылығын білдірді.
https://bozzhanov.balqash.edugov.kz/is-saralar-bozzhanov/9320-au-anny-asuynda-ot-keshkender.html#sigFreeId74ea814b33